Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Биыл интернет тартылатын 928 ауылдың тізімі жарияланды

2020 жылдың 4 маусым 2020 13:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биыл интернет тартылатын 928 ауылдың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың соңына қарай тұрғын саны 250 және одан асатын халқы бар ауылды елдімекенде 3G/4G ұялы байланыс желілерін салу жобасының шеңберінде 928 ауылдағы 600 мыңнан астам тұрғынды (барлық халықтың 3,3%) интернетке ҰКЖҚ-мен (ұтқыр кеңжолақты қолжетімділік) қамтамасыз ету жоспарлануда. Аталған тізім ҚР-ның әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеуіші, облыс әкімдіктерінің халық саны бойынша деректері және байланыс операторларының Қазақстанның әрбір елді мекенінің байланыс қызметтерімен қамтылуы бойынша деректері негізінде қалыптастырылды», - деген жауап келді ҚазАқпараттың ресми сауалына министрліктен.

Биыл интернет тартылатын 928 ауылдың тізімін мына сілтемеден көруге болады.


Жоғары қарай