Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл елордада мектеп бітіруші түлектердің 96 пайызы ҰБТ тапсырады

2020 жылдың 29 мамыр 2020 18:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сынағы 2020 жылдың 20 маусымы мен 5 шілде аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылы еліміз бойынша мектеп бітірушілерден ҰБТ тапсыруға 131 683 өтініш келіп түсті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша айтар болсақ, биылғы 6515 мектеп бітіруші түлектің 96% аталған тест сынағын тапсыруға ниет білдіріп отыр», - деді Нұр-Сұлтан қаласының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағымгүл Көптілеуова әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, департамент басшысы түлектерге аттестат тапсыру шарасына қатысты арнайы ережені таныстырып өтті.

«Алдағы 3-4 маусым күндері еліміз бойынша мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру жиынын өткізу жоспарлануда. Бұл шара мектептің әрбір сыныбы үшін жеке түрде санитарлық ережелерді сақтай отырып, яғни ашық алаңдарда ұйымдастырылуы қажет. Министрліктің бұйрығымен бекітілген тұжырымдамаға сәйкес, мектеп түлектері міндетті түрде маска киюі тиіс және әр оқушының арасы 2 метр қашықтықта болуы шарт. Шараның ұзақтығы 20 минуттан аспауы керек және оған өзге адамдардың қатысуына тыйым салынады», - деді ол.

Айта кетсек, бүгін елорда әкімдігінде «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарын жүзеге асыру және Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің пандемия кезіндегі атқарған жұмыстарына арналған баспасөз мәслихаты өтті.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Білім, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай