Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Биыл елордада 8 мың адам әлеуметтік тұрғын үймен қамтылады

2020 жылдың 7 шілде 2020 21:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл елордада 8 мың әлеуметтік тұрғын үй салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Шілде айында кезекте тұрған 1 200 қала тұрғыны баспана кілтін алады. Олар: тұрмысы төмен азаматтар, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрғандар.

«Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй көлемі үш есе артады. Кезекте тұрған сегіз мың пәтер беріледі. Әлеуметтік жағынан осал топтағы, аз қамтылған қала тұрғындары, жетім балалар, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар, зейнеткерлер, көпбалалы және т.б. жандар пәтерге ие бола алады. Карантин кезінде құрылысшылармен онлайн-кеңестер өткіземіз, жұмыс уақыты қадағаланады, әрқайсысымен жеке жұмыс істейміз. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз. Тұрғын үй кезегін барынша жеделдетуге тырысамыз. Сонымен қатар биыл коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, полиция қызметкерлері пәтер алады. Сондай-ақ биыл алдағы жылға дайындық жүргізілуде», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Биыл ұзаққа созылған құрылыс себебінен жылдар бойы күтуге мәжбүр болған 8 мың үлескер баспана алады.


Жоғары қарай