Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Биыл елімізде 12 млрд теңгеге 130 млн ағаш отырғызылды – министрлік

2021 жылдың 7 желтоқсан 2021 17:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанда 130 млн ағаш отырғызылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында 5 жылдың ішінде орман қорын 2 млрд ағашқа көбейту міндетін тапсырды. Осы орайда өңір әкімдіктері ағаш отырғызу, яғни орманды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Президент тапсырмасын орындау бойынша 1 млрд 539 млн ағашты өңір әкімдіктері, ал 251 млн ағашты министрлік отырғызады. Министрлік ол ағаштарды ұлттық парктер мен табиғи резерваттардың аумағында егеді. Сондай-ақ табиғат пайдаланушылар мен өзге де бастамашыл топтардың күшімен 210 млн түп ағаш отырғызу көзделіп отыр», - деді Әлия Шалабекова.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде ағаш отырғызу бойынша биылғы жоспар толық орындалды.

«Биыл еліміз бойынша 62 мың гектар жерге 130 млн түп ағаш отырғызылды. Оның ішінде 59,5 миллионнан астам сексеуіл (46 %), 45 миллионнан астам қарағай (35%), 8,7 миллион шегіршін (7%), 5,5 миллион қайың (4%) және 11,3 миллион түп (8%) басқа да ағаш түрі егілді. Биылғы жоспарға сай аталған жұмысқа 12 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 4,6 млрд теңге және жергілікті бюджеттен 7,4 млрд теңге», - дейді ол.

Одан бөлек, министр орынбасары 422 бірлік техника мен жабдықтың сатып алынғанын тілге тиек етті.


Жоғары қарай