Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Атырау облысына 50-ге жуық этникалық қазақ көшіп келген

2020 жылдың 30 шілде 2020 23:56

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысына биыл шет мемлекеттерден 47 мүшесі бар 35 отбасы көшіп келген. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Серік Қамидолланың мәліметінше, мұнайлы өңірге қоныс аударған этникалық қазақтардың басым көпшілігі Өзбекстан Республикасынан келген. Бұл елден атажұртқа жеткен 25 отбасында 35 адам бар.

Ал, Қытай Халық Республикасынан - 8 отбасымен 10 адам, Украина Республикасынан - 2 отбасымен 2 адам келген.

«Елге келген қандастардың оралман мәртебесін беру туралы өтініші халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы түсті. Құжаттары қаралып, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Қазір олардың бәрі облыстағы қала мен аудандарға орналасқан», - деді Серік Қамидолла.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 1 шілдеге дейін 8 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алғанын хабарлап едік.

Жоғары қарай