Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Биыл астанада 6 миллионға жуық гүл, 30 мың ағаш отырғызылады

2020 жылдың 28 мамыр 2020 08:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 6 миллионға жуық гүл, 30 мың ағаш отырғызылады. Жұмыстар барлық ауданда жүргізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

«Біздің кәсіпорын қызметкерлері өз ісіне деген зор ықыласпен күні-түні жұмыс істейді. Оларға алғысым шексіз. Бұл жұмыс әркімнің қолынан келмейді. Өйткені гүл отырғызу – зергерлік жұмыс секілді. Қаланы көгалдандыру мен гүл отырғызу үшін жан-тәнімізбен жұмыс істейміз. Мамандарымыз қала тұрғындарын қуантып, жақсы көңіл-күй сыйлау үшін еңбек етуде», - деді «Астана – Зеленстрой» ЖШС бас директорының орынбасары Бибігүл Бектемісова.

Күн сайын 130 маман жұмылдырылып, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жұмыс жасауда.

«Менің басты міндетім - суару және гүлдерді күту. Жұмыс қиын, үлкен шыдамдылықты қажет етеді», - деді «Астана – Зеленстрой» ЖШС қызметкері Айгүл Жайлаубаева.

«Биыл үйеңкі, жөке, емен, сондай-ақ мамыргүл, ақтал сынды бұта ағаштарға басымдық береміз. Мамық шашатын терек түрін отырғызбаймыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Елорданы көгалдандыру және абаттандыру мақсатында биыл 30 мың ағаш отырғызылады.



























Жоғары қарай