Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Биыл астанада 300-ден астам отбасы апатты жағдайдағы үйден көшіріледі

2022 жылдың 6 наурыз 2022 10:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов апатты үйлердегі отбасыларды көшіру мәселесі жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Апта сайын азаматтарды қабылдап тұрамыз. Тағы 12 отбасын қабылдадым, ал жыл басынан бері – 60 отбасы (2021 жылы – 1,5 мың тұрғын). Кездесу барысында әлеуметтік бағыттарға қатысты негізгі проблемалар да, сол сияқты шешімін талап ететін нақты мәселелер де көтеріледі: жұмысқа орналастыру, жобаларды іске асыру бойынша көмек көрсету және т.б.

Бүгін азаматтарды қабылдау барысында апатты жағдайда тұрған үйлерді бұзу мәселесі көтерілді. Осыған қатысты қысқаша тоқталып өтейін. Мәселен, бүгінге дейін біз Ы.Дүкенұлы, 21, Уголная, 12а (қазір Әл-Фараби, 27) және басқа мекенжайларда орналасқан апатты үйлерге барып, жағдайды көрдік. Бұл үйлердің тозығы жеткен, сумен, электрмен жабдықтауда проблемалары бар, шатырынан су ағып тұр» деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.




Биыл апатты жағдайда тұрған үйлерден 300-ден астам отбасын көшіру жоспарланған.

Соңғы үш жылда тозығы жеткен үйлерден 700-ге жуық отбасы көшті.

«Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ТК-лерді (тұрғын үй кешені) жөндеу, лифтілерді ауыстыру, жеңілдікпен берілетін әлеуметтік тұрғын үй салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша жұмыс жүріп жатыр», - дейді елорда әкімі.


Жоғары қарай