Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Биыл Алматы облысында 600-ден астам мас жүргізушіні анықталған

2020 жылдың 11 шілде 2020 00:52

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында былтырғы жылмен салыстырғанда биыл жол-көлік оқиғасының 28,2 пайызға төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл өңірде көлік апаты азайып, соның салдарынан қайтыс болғандар саны да 33,2 пайызға кеміген. Темір тұлпарын алкогольдік немесе есірткіге масаң күйде басқарған 621 жүргізуші ұсталып, іс материалдары сот органдарының қарауына жолданды.

Облыстың полицейлері биыл жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде 108 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған.

Сонымен қатар, жол сақшыларының көмегімен 1 500-ден астам қылмыс ашылғаны белгілі болды, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 14,2 пайызға жақсарды.


Жоғары қарай