Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Биыл Ақтөбе мен Қостанай арасындағы жолдың 65 шақырымы пайдалануға беріледі

2020 жылдың 5 маусым 2020 18:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қарабұтақ - Қостанай» жолының 65 шақырым учаскесінде көлік жүрісі жыл соңына дейін ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында республикалық маңызы бар «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» (389-515 шақырым) автомобиль жолын қайта жаңарту жалғасып жатыр.

«Жалпы ұзындығы 114 шақырымдық жол облыстағы бірқатар елдімекенді байланыстыратындықтан, жоба облыстың дамуына зор серпін бермек. Қайта жаңарту жұмыстары жолдың ұзындығы 35 шақырымды құрайтын Денисовка елдімекенінен Перелески елдімекеніне дейінгі аралығын және ұзындығы 30 шақырымды құрайтын Перелески елдімекенінен Тобыл стансасына дейінгі аралығын қамтып, Антоновка, Алчановка, Валерьяновка елді мекендері мен Рудный, Лисаковск қалалары арқылы өтеді», делінген хабарламада.








Құрылыс-монтаждау жұмысын «Иврус» және «АБК-Автодор НС» ЖШС жүргізіп жатыр.

«Жоба аясында жол астынан су өткізу құбырлары, жол айырығы, қызмет көрсететін павильоны бар демалыс алаңдары, сонымен қатар, Денисовка елдімекенінде жол пайдалану басқармасы және Антоновка елдімекенінде жол пайдалану пукінті құрылысы қарастырылған», делінген хабарламада.

Биыл жолдың Тобыл стансасы мен Рудный қаласы аралығындағы учаскелерде тиісті жұмыс басталды. Жол учаскелерінің жалпы ұзындығы 49 шақырым.

Қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң 114 шақырымдық жол учаскесі 2 жолағы бар ІІ техникалық санаттағы жолға сәйкестендірілмек. Қозғалыс бөлігінің ені 7,5 метр. Қазіргі таңда жолдағы жұмыстарға 475 адам мен 230 техника жұмылдырылған. Нысан 2022 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.








Жоғары қарай