Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

2020 жылдың 5 тамыз 2020 19:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 500 инфрақұрылымдық жоба іске бойынша отандық кәсіпорындар 159 млрд теңгеге құрылыс материалдары, жабдықтар, жұмыстар мен қызметтер сатып алды. Іске асырылып жатқан жобалар бойынша қазақстандық қамту үлесі 93 пайызды құрады. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй және инженерлік коммуникацияларды сатып алу және салу бойынша жаппай тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда 843 млрд теңгеге 923 жоба іске асырылып жатыр«, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта 6,103 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылғы деңгейден 7,3 пайызға жоғары.

»Бағдарлама жоспарына сәйкес, биыл 14 млн шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған. Бірақ, үй құрылысына салынған инвестиция көлеміне қарағанда осы жылы 15 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріп қалуымыз мүмкін«,- деді бірінші вице-министр.

Оның айтуынша, аталған бағдарлама аясында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құны 457 млрд теңге болатын 315 жоба іске асырылып жатыр.


Жоғары қарай