Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

2020 жылдың 24 наурыз 2020 19:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй құрылысы саласында көлемді арттыру жоспарланған. Өткен жылмен салыстырғанда 2 млн шаршы метр баспана артық пайдалануға берілетін болады. Барлығы 15 млн шаршы метр салынады. Бұл Петропавл немесе Қызылорда сынды қаланың тұрғын үй қорынан көп. Бүгінде құрылыс саласында шамамен 700 мың қазақстандық жұмыс істейді. Біз жұмыс орындарын тек сақтап қоймай оны 15 мыңға көбейтеміз», - деді министр.

Оның атап өтуінше, жол құрылысы саласында жоспарланған ірі жобалардың барлығы толық көлемде жүзеге асырылады.

«Олар - Талдықорған-Өскемен автожолының 763 шақырымы, Қарағанды-Балқаш-Қапшағай тас жолының 645 шақырымы, Қалбатау-Майқапшағай жолының 415 шақырымы, Мерке-Бурылбайтал жолының 266 шақырымы. Құрылыс жұмыстарына 200 мың адам жұмылдырылады. Аталған жобаларды жүзеге асыру барысында тек қазақстандық жол-құрылыс материалдары қолданылады», - деді Дәурен Абаев.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Тұрғын үй, Құрылыс,
Жоғары қарай