Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бішкекте Ресей елшілігінің көлігі адам қағып кетті

2022 жылдың 17 мамыр 2022 19:39

БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Бүгін ел астанасында Жас гвардия бульвары мен Жібек жолы көшесінің қиылысында жергілікті уақыт бойынша сағат 15:20-да Қырғызстандағы Ресей елшілігінің көлігі адам қағып кетті. Бұл туралы Патрульдік милицияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам жолға жүгіріп шыққан. Ол мас күйде болуы мүмкін.

Оны жедел жәрдем көлігі алып кетті. Оқиға орнында милицияның патрульдік қызметі басқармасы жұмыс істеуде.


Басты сөздер: Әлем, Ресей, Қырғызстан,
Жоғары қарай