Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бішкекте митингіге шыққан топ үкіметтен қару беруін талап етті

2021 жылдың 1 мамыр 2021 18:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бішкекте Үкімет үйінің алдында митингіге шыққан топ Баткен облысының шекарасын қорғау үшін қару беруді талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстанның Қауіпсіздік кеңесіне сілтеме жасап. Бұл туралы Кабар агенттігі жазды.

Атап өтілгендей, Бішкек қаласындағы Үкімет үйінің алдында митингіге шыққандар оларға Баткен облысындағы шекараны қорғау үшін қару беруді талап етіп отыр.

«Алайда, Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Хатшылығы аталған талаптың салдары ауыр болуы мүмкін болғандықтан, оны орындау мүмкін емес екенін атап өтті», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, үкіметтік делегациялардың қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздері жалғасып жатыр. Сондай-ақ, шекаралық құрылымдардың екі басшысы Тәжікстан аумағында келіссөздер жүргізу үстінде.


Басты сөздер: Әлем, Тәжікстан, Қырғызстан,
Жоғары қарай