Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Біржан Нұрымбетов ай сайын азық-түлік топтамасын кімдер ала алатынын айтты

2020 жылдың 1 сәуір 2020 18:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ай сайын азық-түлік топтамасын алатын азаматтардың санатын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы азық-түлік топтамасын алатын азаматтардың санатын белгілеу жөнінде міндет жүктеді. Азық-түлік топтамасын алу мүмкіндігі кімге беріледі? Оны атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасындағы барлық бала алады. Барлық топ бойынша мүгедектер (елімізде 695 мың) де, мүгедек баланы қарап отырған ата-ана, ресми түрде тіркелген жұмыссыз адамдар да азық-түлік топтамасына ие болады. Қазақстанда айына шамамен 1,5 млн адамға азық-түлік топтамасы беріледі. Оны іс жүзіне жергілікті әкімдер іске асырады», - деді Біржан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек бұған дейін Біржан Нұрымбетов елімізде 42 500 теңгелік төлемді алуға болатын арнайы сайт ашылатынын мәлімдеген еді.


Жоғары қарай