Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бір айда 4,2 миллион қызмет көрсетті

2021 жылдың 1 наурыз 2021 04:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тек қаңтар айында, өз салымшыларына 4,2 миллион қызмет көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорға сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе көп. Айта кету керек, өсім электрондық қызметтер бойынша да, БЖЗҚ филиалдарында тікелей көрсетілген қызметтер бойынша да болды.

Виртуалды кеңістікте Қордың қызметтерін 3,9 миллион салымшы алды, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 92% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердің танымалдылығы үш есе ұлғайды. Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ сайтында да, мобильді қосымшасында да бар жеке кабинеттің көмегімен салымшылар үйден шықпай-ақ, жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме, ЖЗШ-ның бар-жоғы туралы анықтама ала алады. Зейнетақы жинақтарының сомасын ішінара пайдалану және (немесе) ИПБ-ға аудару үшін тексеріп, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш бере алады.

Салымшылардың бір бөлігі бұрынғысынша Қазақстан бойынша орналасқан Қор филиалдарына өтініш білдіруде. БЖЗҚ бөлімшелерінде салымшылар 312 мың қызмет алды, бұл өткен 2020 жылмен салыстырғанда 35,9 мың қызметке көп.

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – Қордың салымшылары мен алушылары үшін сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және ақпараттық арналарды дамыту екенін атап өту маңызды. 2021 жылғы қаңтарда кері байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтініштердің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда үш еседен астам артты. 2021 жылдың бірінші айында 252,5 мың өтініш, ал 2020 жылдың қаңтарында 78,8 мың өтініш берілді.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша call-орталықтан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) кеңес ала алады, сондай-ақ, кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары арқылы және Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшаларынан алуға болады.


Жоғары қарай