Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бірнеше өңір әкімдігінің лауазым иелерінен құрылған қылмыстық топ әшкереленді

2021 жылдың 1 қараша 2021 17:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі субсидиялау бойынша бірқатар өңір әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларынан құралған қылмыстық топтарды әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы ауқымды операциясы нәтижесінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне бағынысты бөлімшелер мен ұйымдардың және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының және Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстары, ШҚО, БҚО, Атырау, Ақтөбе облыстарының әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларынан тұратын қылмыстық топтар әшкереленді. Олар субсидиялауға бөлінген қаражатты жымқырумен айналысқан, кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара мен заңсыз сыйақы алудың жемқорлық схемасын ұйымдастырған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай дәлделдер алынды. Қылмысқа қатысы бар 30-дан астам адам анықталды, олардың көпшілігі қазір кінәсін толық мойындап, тергеу тобымен ынтымақтастық орнатуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі Шыңғыс Әлекешев.

Бұған дейін хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі субсидиялау саласында кешенді талдау жұмыстарын бастады. Аталған құқықбұзушылық та сол амалдар аясында анықталып отыр.


Жоғары қарай