Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бірқатар өңірде екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 12:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық Білім басқармасының мәліметінше, қатты бұрқасынның болуына байланысты Степногорск қаласында және Бурабай, Сандықтау, Ерейментау, Астрахан, Аршалы, Целиноград, Корғалжын, Ақкөл, Шортанды, Біржан сал, Егіндікөл аудандарында 0-11 сыныптарда сабақ болмайды.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы, Қанайка ауылында, Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында екпінді жел мен боран салдарынан 1-11 сынып аралығында оқу процесі тоқтатылды. Ал Семей қаласында күшті жел тұруына байланысты 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Қарағанды облысының Теміртау, Қарағанды қалалары мен Абай, Бұқар жырау, Нұра, Осакаров, Ұлытау аудандарында – 0-11 сыныптар, Саран, Сәтбаев, Шахтинск қалаларында және Жаңаарқа, Шет аудандарында – 0-9 сыныптар, Қаражал қаласында 0-6 сыныптар оқымайды.

Ал Павлодар облыстық Білім басқармасының мәліметінше, Павлодар мен Ақсу қалаларында, Аққулы, Май, Успенка, Щербақты аудандарында 0-4 сынып, Тереңкөл, Баянауыл, Павлодар аудандарында 0-9 сыныптардағы оқушылар үйлерінде қалады.

Айта кетейік, ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында бірінші және екінші ауысымдар үшін сабақтар тоқтатылды.


Жоғары қарай