Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты жол жабылды

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 21:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірдегі жолдардың учаскелері жабылып көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ауа-райының қолайсыздығына байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 3-232 шақырымы, «Екатеринбург-Алматы» жолының 555-729 шақырымы, Қарабұтақ-Қостанай» жолының 231-458 шақырымы, «Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы» бағытының 0-174 шақырымы жабылды. «Жезқазған-Петропавл» жолының 252-377 шақырымдық учаскесінде барлық автокөлік үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Ақмола облысының тас жолында 40 бірлік техника жұмылдырылған.

Сонымен бірге, «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» жолының 15-105 шақырымдық (Белоусовка-Риддер) учаскесінде тіркемесі бар көліктердің қозғалысына шектей қойылды,. Ауа райының жақсаруына байланысты «Жақсы-Есіл-Бұзылық», «Көкшетау-Омбы», «Көкшетау-Рузаевка», «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолдарында барлық автокөлік үшін жол ашылды.

Ал Ақмола облысында Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті жолының 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан учаскесі мен Павлодар облысының шекарасына дейінгі жол жабық. Нұр-Сұлтан – Петропавл жолы мен (18-231 шақырымы), Нұр-Сұлтан – Щучинск жолында көлік қозғалысы шектелді.

Жақсы – Есіл – Бұзылық жолының 0-82 шақырымы да жабылды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді. Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуларыңызға болады. Жолдағы жағдай туралы ақпаратты біліп, бөлісу үшін 1403, + 7 7172 444 777 нөміріне және +7 771 7444 777 ұялы телефоны бойынша диспетчерлерге WhatsApp-қа хабарласу керек.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам, Көлік,
Жоғары қарай