Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

2020 жылдың 24 ақпан 2020 09:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында күндіз тұман болады.

24 ақпанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман сақталады.

Көкшетау қаласында дүйсенбі таңертең тұман сақталады.

24 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Дүйсенбі Орал қаласында тұман болады, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.

24 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі.

Дүйсенбі Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ күтіледі.

Бүгін Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

24 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай