Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бірқатар мемлекеттің басшысы ҚР Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

2021 жылдың 29 тамыз 2021 10:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарынан көп адамның қаза болуына әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты шет мемлекеттердің, үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтан, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкодан, Армения Президенті Армен Саркисяннан жеделхат келді. Сондай-ақ Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Владимир Норов жеделхат жолдады.

Жеделхаттарда қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдірген. Сонымен қатар жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеген.

Көңіл айту жеделхатты әлі де келіп жатыр.


Жоғары қарай