Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 маусымнан басталады

2020 жылдың 25 мамыр 2020 12:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылында Қазақстанда 1-сыныпқа қабылдау үшін қандай құжаттар тапсыру керектігі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім және ғылым министрлігінің хабарауынша, баланың ата-анасынан (заңды өкілдерінен) өтініш (еркін түрде), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, бала денсаулығы туралы анықтама (медициналық паспорт), 3x4 көлеміндегі екі фото тапсырылады.

Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 1 маусым мен 30 тамызы аралығында іске асырылады.

Айта кетейік, жақында Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жаңа оқу жылында 1-ші сыныпқа қабылдау, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру мәселесі қалай реттелетінін айтып берді.



Жоғары қарай