Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бірігіп, бірлесіп бұл індетті жеңеміз – Нұртай Сабильянов

2020 жылдың 9 шілде 2020 14:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қабылданған шешімдердің уақытында жүзеге асырылуын бақылап, ауырып жақтан әр адамға нақты медициналық көмек көрсетілу керек. Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлерді дамыту комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов осындай пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа үндеуінде, қалыптасқан жағдайды ашық айтып, еліміздегі індетке қарсы мемлекет тарапынан барлық шаралар қабылданып жатқанын жеткізді. Қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар, қабылданып жатқан шаралар халық үшін өте маңызды. Өйткені дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектердің болмауы, ауруханаларда төсек орындардың тапшылығы, ауырған адамдарға дер кезінде тиісті медициналық көмектің көрсетілмеуі қоғамда орын алды, халықтың талабына негіз болды. Енді осы қабылданған шешімдерді, шараларды уақытында жүзеге асырылуын, орындалуын бақылау қажет және ауырып жақтан әр адамға нақты медициналық көмек көрсетілу керек. Бұл үшін бар мүмкіндікті пайдаланған жөн. Әсіресе, ерен еңбек істеп жатқан медицина қызметкерлеріне сырқаттарды емдеуге байланысты барлық жағдай жасап, оларға, отбасыларына бар қолдау, көмек көрсетілу қажет. Ауруханаларды дәрі-дәрмектер, медициналық препараттар, аппараттармен қамтамасыз ете отырып, қай ауруханада қанша төсек орны бар, медициналық көмектің сапасы, көлемі қандай екені туралы шынайы ақпаратты халыққа жеткізіп отырған жөн. Өйткені халық тарапынан ауруханаға барғанда төсек-орын жоқ деп шығарып салу мәселесі жиі көтерілуде», - деді ол.

Депутаттың айтуынша, бұл бағытта әкімдердің беріп жатқан мәліметтері өңірлердегі ауруханалар мен емханалардың жағдайына негізделу керек.

«Әйтпесе,кейбір өңірдің әкімдері аурханаларда қосымша төсек орындары ашылды, жағдай жасалды деген мәліметтері болса да азаматтар төсек орындарының тапшылығын, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін, аудан орталықтарында ПЦР-лаборатория жоқ екенін, анализ уақытында шықпайтынын, жағдай жасалмағанын көріп, тиісті медициналық көмекке қол жеткізе алмай отыр. Өз кезегінде әкімдер Президентіміздің - біздің жұмысымыз айқын, қоғам алдында еш нәрсені жасырмай, ашық айтамыз,- деген бағытын ұстану қажет.

Мемлекет басшысы дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беру керектігін, оның маңыздылығын да атап өтті. Бұл, қазіргі таңда халықты қолдаудың бір түрі. Қазіргі жағдайда, көптеген азаматтар үй жағдайында емделуде. Олар мамандардың, дәрігерлердің көмегіне зәру. Сондықтан, телеарналар, әлеуметтік желілер арқылы да медицина сала қызметкерлері емделудің жолдарын,түрлерін, қандай дәрі-дәрмектер қажеттілігі, олар қай дәріханаларда бар екені туралы нақты ақпарат беріп отырса, бұл да ауырып жатқан адамдарға үлкен қолдау,жақсы көмек болар еді», - деді Парламент депутаты.

НүСабильянов мәлім еткендей, дәрі-дәрмектер, аппараттар сатып алуға, медицина қызметкерлерін ыңталандыруға және басқа да кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге 150 млрд тенге бағытталып отыр.

«Үндеуде бұл туралы ашық жария ете отырып, Президент мемлекеттік бюжеттен бөлініп жатқан барлық қаражаттың жұмсалуын ерекше бақылауда ұстайтынын баса айтты. Нақты шешім шығарды. Өйткені,денсаулық сақтау саласына бөлініп жатқан қаражат тиімді,мақсатына сай жұмсалып, медициналық көмектің көлемін,сапасын жақсарту керек. Халыққа мемлекет қаражаты қайда, қалай жұмсалғаны туралы есеп беріліп, ол туралы ақпарат жарияланып отырғаны дұрыс. Сонда ашықтық қалыптасады. Халықтың сенімі артады. Жалпы, «СҚ Фармация« ЖШС-нің қызметіне,оның сатып алып жатқан дәрі-дәрмектерінің бағасына,сапасына,ондағы мемлекет қаражатының жұмсалуына қатаң бақылау орнатылып,жариялық болу керек. Өйткені, бұл серіктестік бюджет қаражатына дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін жалғыз оператор, монополист. Бұл бағытта елімізде бәсекелестік болғанын қолдаймын.

Ел Президентінің қабылдаған нақты шаралары,шешімдері мынандай қиын жағдайда халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемін көбейтуге, азаматтардың денсаулығын жақсартуға жол ашатыны сөзсіз.

Ал, біз өз тарапымыздан қолымыздан келген қолдауды, көмекті халыққа көрсетеміз. Бар көмектерін көрсетіп жатқан жанашыр азаматтар мен еріктелермен біргеміз. Ақ халатты абзал жандарға алғысымыз шексіз. Енді, азаматтар да карантин ережелерін сақтауға,оның талаптарын мұқият орындауға,індеттің таралуына негіз болатын іс-шараларды уақытша тоқтатуға атсалысады деп ойлаймыз.

Бірігіп, бірлесіп осы індетті жеңеміз!», - деп түйіндеді ойын депутат.


Жоғары қарай