Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Birgemiz: Úmit жобасына 2 мыңға жуық волонтер тартылады

2022 жылдың 14 мамыр 2022 06:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда еріктілердің іздестіру іс-шараларына қатысуын кеңейтуге және халықты төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған Вirgemiz: Úmit жалпыұлттық жобасы іске аса бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы баспасөз қызметінің мәліметігше, әлеуметтік жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдап отыр.

«Жобаны іске асыру барысында жоғалған адамдарды іздеу жөніндегі іс-шараларға волонтерлерді тарту үшін біз конкурстық негізде кемінде 30 шағын грантты ұсынамыз. Волонтерлерді неғұрлым көп дайындап, оқытсақ, жобаны іске асыру соғұрлым тиімді болады. Ең табысты командалардың тәжірибесі 10 кейс жинағына кіреді», - деді «Қызылорда еріктілері» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Чебакова.

Бұл шараға кемінде 2 мың қазақстандық тартылмақ. Олардың 50-і – күміс волонтер қатарынан болуы тиіс.

Айта кетейік, биыл еріктілер кинологиялық қызметтермен ынтымақтастықта белсенді жұмыс жүргізуге ниетті. Ұйымдастырушылар қызметтік иттердің құтқарушыларға төтенше жағдайларда адамдарды іздеуге және құтқаруға үлкен көмек тигізетінін айтады.

Басты сөздер: Волонтер, Қоғам,
Жоғары қарай