Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 409.98
EUR 462.21
RUB 5.75
CNY 58.43

Birgemiz: Қазақстан кәсіпкерлері Елбасының үндеуіне қолдау көрсетуде

2020 жылдың 22 наурыз 2020 15:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Bi-Group» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев коронавируспен күрес үшін өзінің қонақүйін пайдалануға берді. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше @BIGroup_KZ компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы қайырымдылыққа 2 миллион доллар бөлсе, бүгін карантин науқастар үшін аурухана ретінде қонақүйін берді. Жарайсың, Айдын! Нағыз патриот! Коронавирус індетімен күрес көптеген қазақстандықтарды біріктірді. Елбасының халықты қолдау туралы бастамасын бірінші болып қолдағандардың бірі - кәсіпкер Айдын Рахымбаев»,-деп жазды Айдос Үкібай.


Жоғары қарай