Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бірғаным Әйтімова Елбасының үш негізгі бастамасы туралы айтты

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 20:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның БҰҰ-дағы арнайы өкілі, Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова «Нұрсұлтан Назарбаев: Жаһандық ауқымдағы саясаткер» атты халықаралық конференциясында Елбасының тарихи тұлға екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өз сөзімді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен бастағым келеді: «Тарихтың өзі көрнекті тұлғаларды қалыптастырады. Бірақ мұндай көшбасшылар да тарих түзеді». Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев нақ осындай ауқымды тарихи тұлға! Жалпыұлттық көшбасшы үш онжылдық ішінде заманауи Қазақстанды құра алды, мемлекеттік институттар құрылды, мемлекеттік басқару тетіктері жасалды, таяудағы 30 және одан да көп жылға арналған мақсаттар, орнықты экономикалық даму стратегиясы айқындалды, «Мәңгілік Ел» ұлттық коды ұсынылды және сыртқы саяси басымдықтар нақты белгіленді», - деді Бірғаным Әйтімова.

Оның айтуынша, бұл күндері және одан кейінгі жылдары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына көптеген маңызды, мәнді жылы сөздер айтылады.

Сонымен қатар, ол Елбасының үш негізгі бастамасын атап өтті: Семей ядролық полигонын жабу, ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тарту, мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу.

«Бірінші болып ядролық қаруды иемденуден өз еркімен бас тартқан Президент Назарбаевтың беделі жаңа Қазақстанның бейбітшіл және дәйекті басшысы ретінде айқындалды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ядролық держава мәртебесінен бас тартып қана қоймай, АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания мен Францияның бес ядролық державасынан елдің қауіпсіздігіне кепілдік беруді талап еткенін атап өткен жөн. Мен Тұңғыш Президентімізді халықаралық ұйымдар басшылары мен шет мемлекеттер басшыларының қалай қабылдағанына бірнеше рет куә болдым. Олар Нұрсұлтан Назарбаевқа ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық процестің белсенді қатысушысы ретінде құрмет көрсетіп, оның дәйектілігі мен қауіпсіздік саласындағы серіктестігі үшін ризашылық білдіреді. Елбасының жақсы жеке қарым-қатынас орната білуі, харизматикалық табиғаты мен сүйкімділігі елге жағымды имидж әкеліп қана қоймай, сонымен қатар ұлттық мүдделердің игілігін де арттырды, - деп атап өтті спикер.

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан батыл үлесі туралы айта келіп, Бірғаным Әйтімова халықаралық мойындау ел ішіндегі ұлттық өрлеуден көрініс табатынын атап өтті. Бұл өзара байланысты процестер. Қазақстан халықаралық аренада өзінің бірегей субъектілігін бекітті.


Жоғары қарай