Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 10 науқас қайтыс болды

2021 жылдың 7 желтоқсан 2021 09:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 5 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 6 адам - коронавирустан, тағы 4 сырқат - пневмониядан қайтқан.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сонымен қатар Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында бір адамнан көз жұмған.

Еліміздің тек 6 өңірінде қайғылы жағдайлар болған.

Ал Шымкент қаласы мен Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстарында коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.


Жоғары қарай