Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бір көзден сатып алуға мүмкіндік беретін 52 негіздеменің үшеуі жойылды

2021 жылдың 26 тамыз 2021 12:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мемлекеттік сатып саласындағы бір көзден сатып алу тетігіне жол беретін негіздемелерді 50 пайызға қысқарту туралы ұсынысы мемлекеттік органдар тарабынан қарсылыққа тап болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы агенттік төрағасы Серік Жұманғарин «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің алаңында өткен Ореп Space кездесуде айтты.

«Біз ең алдымен монополияға қарсы заңнамаға өзгерістер мен түзетулер енгізуге кірістік. Жуықта Парламентке бесінші пакетін өткіземіз. Ең әуелі бір көзден сатып алуға жол беретін негіздерді қысқартуға мән бердік. Олардың санын 52-ден 25-ке дейін түсіргіміз келді. Мемлекеттік органдардың тарабынан қасарысқан қарсылық сезіндік. 17 негіздемені мүлдем алып тастағымыз келген. Бірақ тек үшеуі ғана алып тасталынды. Бұл алғашқы қадамдар деуге болады. Бәрі бірден бола кетпейтіні түсінікті», - деген агенттік басшысы бұдан бөлек 6 негіздеме бойынша елеулі шектеулер енгізілгенін атады.

«Есесіне біз өзіміз ұсынған 8 негіздеменің ішінде 6 негіздеме бойынша бір көзден сатып алу мүмкіндігін шектей алдық. Яғни, бұ жерде бір көзден сатып алуға рұқсат беруді біздің агенттік бекітеді. Ал біздің агенттік ондайға өте сирек рұқсат береді.

Сонда 3 негіздемені мүлде жойып, 6 негіздеме бойынша шектеу қою арқылы жылына 50 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік жасадық. Үнемдедік дегенде, бұл қаражат бәсекелі ортаға беріледі. Аз ақша емес, әрине», - дейді Серік Жұманғарин.


Жоғары қарай