Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бір аптада елімізде 3,1 мың қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ

2022 жылдың 16 мамыр 2022 11:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Апта ішінде Қазақстанда 3,1 мың қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдегі қылмыстық жағдайға тоқталсақ, бір апта ішінде 3116 қылмыс жасалды, оның 1892-сі тәулік ішінде ашылды», - деді Ш. Тұрлыбек.

Осы орайда ол полиция қызметкерлері «ізін суытпай» екі кісі өлтіру, алты өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, бір қарақшылық, 45 тонау және 507 бөтенің мүлікін ұрлау қылмыстарын ашқанын атап өтті.

Бұдан бөлек Ш. Тұрлыбек өткен аптада Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Павлодарда өңір тұрғындарымен кездескенін айтты.

«Елордадан министрмен бірге ІІМ қоғамдық кеңесінің мүшелері мен ведомствоның орталық аппаратының басшылары келді. Сонымен қатар қалалық мәдениет сарайында Марат Ахметжанов аймақ тұрғындары алдында есеп берді. Бірінші кезекте министр ведомство реформаларына, елдегі және өңірдегі қылмыстық жағдайға тоқталды. Ол жалпы қылмыс деңгейінің төмендеу үрдісі байқалғанын айтты. Ведомство басшысы тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді. Павлодарлықтарды негізінен қылмыстық істерді тергеудің сапасы мен мерзімдері, жол қауіпсіздігі, әкімшілік заңнама, интернет-алаяқтық, отбасылық-тұрмыстық қатынастар және басқа да мәселелер қызықтырды», - деді министрлік өкілі.


Жоғары қарай