Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бинес мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, бағаны негізсіз көтермеуі тиіс - Азамат Саменов

2020 жылдың 10 шілде 2020 15:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бинес мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, бағаны негізсіз көтермеуі тиіс. Мұндай пікірді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Өңірлік зерттеулер орталығының жетекші сараптысы Азамат Саменов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында коронавирус індеті салдарынан туындаған ахуалға байланысты мәселелерді қозғап, Үкімет жұмысына баға берді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы шағын және орта бинесті дамыту мәселелеріне де тоқталды. Әрине, бұл алада қазір құлдырау орын алды. Өйткені, карантин шектеулері шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысына ықпал етті. Президент осынау теріс тенденция байқалатын өңірлерді атап көрсетті. Бізде шағын және орта бизнес негізінен Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында шоғырланған. Егер тауарлар мен қызметтер көлеміне қатысты айтар болсақ, онда ол 42 пайызды құрайды. Бұған қоса, дәл осы екі қалада коронавирустың көп тарағаны байқалып отыр. Егер орын алып отырған тенденция одан ары жалғаса беретін болса, онда бұл жайт осы қалалардың жалпы өңірлік өніміне және елдің жалпы ішкі өніміне әсер етеді. Елдің қалған өңірлерінде, тіпті Шымкентте де шағын және орта бизнес үлесі аздау. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан кейін ШОБ кәсіпорындары өндірісінің көлемі бойынша Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары келе жатыр», - деді Азамат Саменов.

Оның атап өтуінше, карантин шектеулері қолданыста болған кезеңде шағын және орта бизнес мемлекеттік қолдауға мұқтаж болады. Үкімет отырысы барысында Президент шағын және орта бизнесті қолдау үшін мемлекет тарапыан теңдесіз шаралар қабылданғанын айтты. Осыған орай кәсіпкерлер де халықтың қиын жағдайға тап болғанын көпшілігі жұмысы мен табысынан айырылғанын ескеруі тиіс. Бұған қоса, ең қажетті азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтермеуі қажет.

Жоғары қарай