Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Білімнің қай салаларында қашықтан оқытуға шектеу қойылған

2021 жылдың 16 қараша 2021 12:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында қашықтан оқыту бойынша шектеу қойылған салаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңызды мәселе - оқуға түсу процедурасының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету. Осы мақсатпен біз биыл ҰБТ-ның жаңа жүйесін енгіздік. 2021 жылы елімізде алғаш рет ҰБТ «1 компьютер – 1 камера – 1 тестіленуші» принципі бойынша электронды форматта өткізілді. Оған қоса тестте фактологиялық білімді тексеруден ойлау қабілетін, сауатын анықтау үшін тест тапсырмалары жаңартылды», - деген министр магистратураға түсу және докторантураға емтихан тапсыру үшін тестілеудің компьютерлік форматы енгізілгенін атады.

Оның пайымынша, пандемиядан кейінгі кезеңде де қашықтан оқыту тренді сақталады.

«Сондықтан жоғары оқу орындарында цифрлық экожүйе қалыптастыру, LMS платформалар, виртуалды зертханалар, прокторинг жүйелері кеңінен енгізіліп жатыр. Сапаны қамтамасыз ету үшін білім, медицина, авиация, құрылыс, өнер, әскери іс сияқты бағыттар үшін қашықтан берілетін сабақтардың үлесі 20%-дан аспауы керек. Осындай шектеу қойылды», - деді ведомство басшысы.


Жоғары қарай