Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Білім және ғылым министрлігі 25 жоғары оқу орнынан 60 лицензияны қайтарып алды

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 12:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында БҒМ тиісті шараларды қабылдап жатыр, деп хабарлйады ҚазАқпарат.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 25 жоғары оқу орнының кадрларды дайындау бағыттары бойынша лицензиясына 60 қосымшасын қайтарып алды. Олардың басым бөлігі Комитеттің тексерісінен кейін қайтарылды.

Негізінен бұл ЖОО-лар «Педагогикалық ғылымдар», «Өнер», «Гуманитарлық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техника ғылымдары», «Қызмет көрсету» және «Әлеуметтік жұмыс», «Әлеуметтік ғылымдар» бағыттары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырды.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ЖОО-лар нормативтік құқықтық актілерді сақтамағаны анықталды. Олқылықтарға негізінен талапкерлерді қабылдау, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, конкурс арқылы алмастыру, оқу жүктемесін жоспарлау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау, диплом бланкілерін есепке алу және т.б. бойынша жол берілген.


Жоғары қарай