Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Білім ұйымдарына терроризмге қарсы қорғаныста қойылатын жаңа талаптар бекітілді

2021 жылдың 18 мамыр 2021 12:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім ұйымдарына терроризмге қарсы қорғаныста қойылатын жаңа талаптар бекітілді. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы қаулысымен нысандарды терроризмге қарсы қорғанысқа қойылатын жаңа талаптар бекітілді. Бұл талаптар кеше күшіне енді. Әрбір білім беру ұйымына қойылатын екі талап бар: негізгі және қосымша. Әрбір білім беру ұйымы осы қаулыда көрсетілген негізгі талаптарды орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Негізгі талапқа бейнебақылау жүйесі, дыбыстық хабарландыру жүйесі, дабыл беру түймесінің болуы кіреді. Қосымша талапқа техникалық тексеру құралдары, бақылау жүйесі, күзет дабылының болуы жатады», - деді Майра Мелдебекова министрліктің аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, терроризмге қарсы қорғанысты ұйымдастыру нұсқаулығы да аталған қаулыда көрсетілген. Оларға рұқсат арқылы өткізу режимін, террористік сипаттағы көріністерге қарсы іс-қимылдарды ұйымдастыру, терроризмге қарсы қорғаныс паспортын әзірлеу, нысандарды техникалық жабдықтау кіреді.

«Бейнебақылау жүйесімен жабдықтау стандарттары мен талаптары Білім және ғылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген. Негізгі талаптар: әрбір бейнебақылаудың бір және одан көбірек жазу режимінің болуы, мұрағаттан жою және өзгертуден қорғалуы, бейнежазбаны нақты уақыт режимде беріп отыру мүмкіндігі, бейнені бір уақытта бірнеше камерада мұрағаттан қарау мүмкіндігінің болуы, электр энергиясы сөнген жағдайда да камераларының үздік жұмыс істеуі», - деді ол.


Жоғары қарай