Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Білім министрі: Карантин кезінде мұғалімдер жаңа кәсіпті меңгерді

2020 жылдың 25 мамыр 2020 16:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін бірқатар педагог «Ы. Алтынсарин» белгісімен марапатталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз сіздерді Ы. Алтынсарин атындағы ведомстволық медальмен марапаттаймыз. Бүгінгі кездесуді онлайн режимде өткізгендіктен, марапаттау рәсімі де осыған сәйкес жүргізіледі. Кейіннен осы төсбелгілер марапатталған ұстаздарға тапсырылады», - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн режимде мұғалімдердің қатысуымен өткен конференцияда.

Сонымен қатар министр телесабақтарды даярлауға белсенді қатысқан барлық мұғалімдер мен әдіскерлерге алғысын айтты.

«Сіздер ауқымды жұмыс атқардыңыздар. Қазір тележұлдызға айналдыңыздар, яғни қысқа мерзімде жаңа кәсіпті меңгеріп шықтыңыздар. Біздің мұғалімдер бір аптаның ішінде тележүргізушілікті меңгеріп, осы мамандықтың қыр-сырын үйренді. Үш мыңнан астам телесабақ дайындалды», - деді А. Аймағамбетов.

Бұдан бөлек, Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін құрмет грамотасымен 120 педагог пен 104 әдіскер марапатталады.


Жоғары қарай