Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Білім мекемелерінде «Тәуелсіздіктің 7 қыры» фильм топтамалары көрсетіле бастады

2020 жылдың 25 қараша 2020 11:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күніне орай білім беру мекемелерінде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты фильмдердің топтамасы көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында еліміздің білім беру мекемелерінде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер топтамасы көрсетіле бастады. Олардың негізінде сынып сағаты, ашық сабақ, дөңгелек үстел, пікірталас және куратор сабақтары өткізіледі. 2,8 млн-нан астам мектеп оқушысын және жоғары оқу орындары мен колледждердің 700 мыңнан астам студентін қамту көзделіп отыр. Сонымен қатар іс-шаралар онлайн режимде өтеді.

Басты мақсат – өскелең ұрпаққа Тұңғыш Президенттің басшылығымен жүргізілген тәуелсіз Қазақстанның негізгі реформаларының маңыздылығын жеткізу.

«Тәуелсіздіктің жеті қыры» жобасының негізіне Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тап болған жеті негізгі сын-тегеуріндер алынған. Елбасы 2019 жылғы 21 маусымда өткен «Көшбасшылыққа 30 жыл» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында сөйлеген сөзінде оларды атап өтті. Ұлт пен тұтастай мемлекеттің табысты болашағы оларды еңсеруге байланысты болды. Бұл – нарықтық экономиканың қалыптасуы, мемлекеттік шекараларды айқындау және халықаралық интеграциялық процестер, ұлтаралық келісім, антиядролық бастамалар және Арал проблемасын шешу, жаңа Астананың құрылысы, транзиттік әлеуетті іске асыру, демографиялық проблемаларды еңсеру», делінген хабарламада .

Жас Қазақстанның басты жеті сын-қатері Тұңғыш Президент реформаларының арқасында тәуелсіздіктің басты жеті жетістігіне айналды және қазақстандық даму жолының бірегейлігін айқындады. Фильмдердің мазмұны беделді спикерлердің – белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, тарихшылардың, саясаттанушылардың, экономистердің естеліктері мен пікірлеріне негізделген.

Бұл фильмдерді «Астана» телеарнасының ұжымы түсіріп, елорда күніне орай эфирде көрсеткен еді.

Жоғары қарай