Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Бибісара Асаубаева Хабиб Нурмагомедовке шахмат үйретеді

2019 жылдың 24 наурыз 2019 11:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал шахматшы Бибісара Асаубаева Түркияда өтетін MASF халықаралық спорттық-сауықтыру фестиваліне құрметті қонақ ретінде қатысады. Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне Бибісараның анасы Лиана Таңжарықова айтты.

«Түркияда MASF деп аталатын ауқымды шара өтеді. Бұл спортты қамтитын демалыс шарасы. Ол жерде Хабиб Нурмагомедов, әкесі Абдулманап, Костя Цзю сынды танымал спортшылар шеберлік сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ йогадан, гимнастикадан, жүзудің қыр-сыры үйретіледі. Атақты, танымал спортшылар көп қатысады. Аталған шара аясында Бибісара ММА спортшыларына, боксшыларға, фестиваль қатысушылары мен қонақтарына шахматтан бірреттік ойын сеанс өткізеді», - деді Лиана Таңжарықова.

Айта кетейік, 27 сәуір мен 4 мамыр аралығында Түркияның Белек қаласында аралас жекпе-жек пен спорттық өмір салтын жақсы көретіндерге арналған бірегей халықаралық спорттық-отбасылық фестиваль өтеді. Фестивальге UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен бірге қазақстандық жас шахматшы Бибісара Асаубаева да құрметті қонақ ретінде шақырылған. Мұнан бөлек, фестивальге ММА, UFC, бокс, BJJ, грэпплингтен әлемдік жұлдыздар қатысады. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар.

Сондай-ақ фестиваль арасында әуесқой командалар арасында жүлде қоры 10 мың еуроны құрайтын халықаралық футбол турнирі өтеді.




null

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай