Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бейжіңді тағы да құмды дауыл басып қалды

2021 жылдың 6 мамыр 2021 13:50

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Бейжіңді тағы да ауаның ластануына әкелген құмды дауыл басып қалды. Бұл – биыл болған бесінші құмды дауыл, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі ел астанасындағы метеорологиялық қызметке сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметтері бойынша, моңғол циклоны мен қатты желдің әсерінен құмды дауыл бейсенбіге дейін Бейжіңде жалғасады.

Метеоқызмет хабарлағандай, құмды дауыл Қытай астанасында түстен кейін PM10 қатты бөлшектерінің концентрациясын «қатты ластану» деңгейіне дейін арттырады. Осыған байланысты метеоқызмет мамандары Бейжің тұрғындарына көшеде болу уақытын қысқартуға кеңес береді.

Сәрсенбіде Бейжің метеорологиялық қызметі жақындап келе жатқан құмды дауыл туралы ескертудің «көк» деңгейін жариялады.

Еске сала кетейік, соңғы 10 жылдағы алғашқы және күшті құмды дауыл Бейжіңде 15 наурызда болған еді.

Қытайда құмды дауылдарға арналған түстермен кодталған төрт деңгейлі ауа райы туралы ескерту жүйесі бар, ең жоғары деңгей қызыл, содан кейін қызғылт сары, сары және көк.

Авторы: Руслан Сүлейменов


Басты сөздер: Экология, Әлем,
Жоғары қарай