Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бейжіңде Құрманғазы атындағы оркестр концерт берді

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 09:49

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары академиялық оркестрі Қытай астанасында Ұлттық орындау өнері орталығының (Үлкен ұлттық театр) сахналарының бірінде өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Ұлы дала сазы» концерті «Әлемдік музыкалық топтамалар» жобасы аясында өтті. Концерттік бағдарламада қазақ және шетелдік композиторлардың туындылары: Құрманғазы, Түркеш, Н.Тілендиев, Дәулеткерей, Абай, Моцарт, Брамса және тағы басқалардың шығармалары көрерменге паш етілді.

ҚХР-дағы ҚР елшісі Ғабит Қойшыбаевтың атап өтуінше, «біз екіжақты мәдени байланысты дамытуға үлкен мән береміз. Құрманғазы оркестрінің шығармашылық ұжымы осы маңызды халықаралық музыкалық шараға қатысқанына өте қуаныштымыз. Қытайлық көрермендер Қазақстанның бай мәдениетімен таныса алды».




«Қытай халқы бізді, музыкамызды және қазақ композиторларының туындыларын жақсы және жылы қабылдады. Әсіресе, «Дудар-ай» халық әні қатты ұнады», - деп ой бөлісті оркестр солисі Фархат Кубиев.




Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары академиялық оркестрінің директоры Қуанышбек Мұханғалиевтің айтуынша, «концерт жоғары деңгейде өтті. Бүгін біз 4 мың туындыдан құралған репертуарлық қордың шағын музыкалық нөмірін көрсеттік».

Қ.Мұханғалиев оркестрдің алдағы гастрольдік сапарлары туралы айтты.

«Желтоқсанның соңында ұжым Ташкентте өтетін Өзбекстандағы Қазақстан жылының жабылу салтанатына қатысады. Келесі жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында еуропалық және азиялық турне өтеді», - деп атап өтті оркестр басшысы.







Басты сөздер: Өнер, Мәдениет, Қытай,
Жоғары қарай