Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бейжің -2022: Фристайл-могулдан ел намысын қорғайтын  спортшылар анықталды

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 13:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан Қазақстан намысын алты спортшы қорғайды. Бұл туралы команданың бас бапкері Елена Круглыхина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) Қазақстан командасына қосымша квота бөлді. Нәтижесінде, Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан төрт әйел адам және екі ер адам сынға түседі.

Атап айтар болсақ, Бейжің төрінде Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаковтың өнерін тамашалаймыз.

«Бәрі біз қалағандай болған жоқ. Бірақ бұл – спорт. Кездескен қиындықтарға қарамастан, спортшылар өздерін жақсы қырынан көрсетіп, қысқы ойында Қазақстанның бәсекелесе алатынын дәлелдеді. Бізде ерлерден екі, әйелдерден төрт квота бар.

Аздаған қиыншылықтар кездескенін атап өттім. Виза мәселесіне байланысты АҚШ-тағы әлем кубогі кезеңіне Антон Бондарев бара алмады. Ол лицензияға қол созым жерден тоқтады. Жарақатына байланысты Сергей Романов Америкаға бара алған жоқ, ал Олен Цинн жолдамасыз қалды.

Біздің еліміздің намысын Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков қорғайды. Бұл іріктеу өте ауыр өтті, сондықтан, спортшылардың барлығын да құттықтаймын.

Айта кету керек, спортшылар да, бапкерлер құрамы да толығымен Өскемен қаласының өкілдері. Біз Қазақстан атын таныту үшін бар күшімізді саламыз. Қазіргі таңда Олимпиада алдындағы дайындықты Шымбұлақта өткізіп жатырмыз», - деді бас бапкер.



Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай