Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

2021 жылдың 6 мамыр 2021 01:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 6 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның солтүстік аймақтарына циклон жырасы әсер етеді, соған байланысты аздаған жаңбыр күтіледі.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Тек батыс пен шығыста антициклон ықпал ететіндіктен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, солтүстігінде тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында қатты дауыл күтіледі, бұршақ болуы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда, түнде Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай