Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

2020 жылдың 28 мамыр 2020 00:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейсенбі, 28 мамырда елімізде күн райы ашық болады. Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Манғыстау облыстарында күн ысиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

28 мамырда Қазақстанның басым бөлігі әлі жоғары қысым аумағында болғандықтан, күн райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстігінде және солтүстік-шығысында циклон ықпалынан кей жерлерде күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертен тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Манғыстау облыстарында және Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық болуы мүмкін.

Павлодар облысында, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай