Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бейбіт Шүменов чемпиондық атағын қорғауға міндеттелді

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 11:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы бірінші ауыр салмақтағы ұйымның «қарапайым» чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов пен (18-2, 12KO) бельгиялық үміткер Рияд Мерхи (29-1, 24KO) арасындағы жекпе-жекті тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі Қазақстанның кәсіпқой бокс парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, WBA екі тарапты да өздерінің ережесіне орай боксшы чемпион болғаннан кейін әрбір 9 айда ресми үміткерге қарсы атағын қорғауға міндетті екендігін хабарлаған. Ал Бейбіт Шүменов 2018 жылдың 7 шілдесінде WBA Regular белбеуін жеңіп алған еді және 2019 жылдың 6 сәуірінде оны міндетті түрде қорғауы тиіс болатын. Осылайша, қазақстадық белбеуін қорғау жекпе-жегін 1 жылға кешіктіріп отыр. Сондықтан қазақстандық боксшы «уақытша» чемпион әрі ресми үміткер саналатын Мерхимен тез арада жекпе-жекке шығуы тиіс.

Шүменов пен Мерхи командасында келіссөз өткізуге 30 күн бар. Мерзім 2020 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Егер аталған мерзім ішінде тараптар уағдаластыққа қол жеткізбесе немесе тараптардың бірі келісімшартқа қол қоюдан бас тартса, онда WBA жекпе-жекті промоутерлік сауда-саттыққа шығарады.

Естеріңізге сала кетсек, Бейбіт Шүменов соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың шілдесінде Қазақстанда өткізіп, онда түрік боксшысы Хизни Алтункайды нокаутпен жеңген болатын. Ал Мерхи осы жылдың қазақ айында Бельгияның Шарлеруа қаласында шаршы алаңға шығып, жеңіліп көрмеген венгерлік Имре Селлоны (24-1, 16КО) 7-раундта нокаутқа жіберген еді.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай