Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бейбіт Атамқұлов Қазақстан шахмат федерациясының президенті болып сайланды

2020 жылдың 31 қаңтар 2020 20:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан шахмат федерациясына жаңа президент сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан шахмат федерациясының президенті қызметін 2015 жылдың шілде айынан бері Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми білім беру қорының құрылтайшысы және Алматы марафонының негізін қалаушы Ғалымжан Есенов атқарып келген болатын.




«Соңғы уақытта менің назарымды қажет ететін көптеген әлеуметтік жобалар пайда болды. Соның ішінде 2 спорт федерациясы мен ассоциациялар бар, сондықтан мен әріптестеріме шахмат федерациясының жаңа президентін сайлау туралы ұсыныс жасадым. Біз спортшылардың, жаттықтырушылардың, ұйымдастырушылардың және де менеджерлердің үздік командасын жинадық. Қазіргі таңда Қазақстан шахмат федерациясында барлық бизнес-үрдістер мен стандарттар жолға қойылған. Жаңа басшылықпен федерация алдағы уақытта да тамаша нәтижелер көрсетіп, жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін», - деп Ғалымжан Есенов .




Соңғы бес жылда әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатында бесінші және Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында он бірінші орынға ие болды. Қазақстанда әлемнің ең үздік шахматшыларын жинаған ірі шахмат турнирлері өткізілді. Қазақстандық шахматшылар Азия чемпионаты, Азия ұлттары кубогы, Азия ойындары сынды ірі халықаралық турнирлерінде жеңімпаз және жүлдегер атанды.

«Ғалымжан Есенов басшылығымен осы уақыт ішінде шахмат федерациясы орасан зор жұмыстар атқарды. Шахматшыларымыздың қатары жаңа әлем чемпиондарымен толықты. Қазақстандық спортшылар халықаралық турнирлерден елімізге 202-ге жуық медаль алып келді», – деп ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенко толықтырып өтті.

31 қаңтар күні Қазақстан шахмат федерациясының кезектен тыс құрылтайы өтті. Аталмыш құрылтайда Бейбіт Атамқұлов ұйымның жаңа президенті болып сайланды.


Басты сөздер: Спорт, Сайлау,
Жоғары қарай