Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бес облыстың аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 19 қазан 2021 16:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең еліміздің 5 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

20 қазанда Батыс Қазақстан облысының батысында тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

20 қазанда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде арты шаңды дауылға айналуы мүмкін.

20 қазанда Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең Ақтау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

20 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді.

20 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай