Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 10 шілде 2020 17:29

НҰР-СҮЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидромсетке сілтеме жасап.

Күндіз 11 шілдеде Қостанай облысында 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Сол күні күндіз Қостанай қаласында 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

11 шілдеде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, күн күркірейді. Күндіз найзағай кезінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Сол күні күндіз Орал қаласында 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

11 шілдеде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетіп шаңды дауылға айналады. Күндіз Қызылорда облысында 42 градус қатты ыстық күтіледі.

Сол күні Қызылорда қаласында 40 градус қатты ыстық күтіледі.

11 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады.

11 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде 35 градусқа дейін ыстық күтіледі, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 18 м/с жетеді.

Сол күні күндіз Көкшетау қаласында найзағай күтіледі.

11-15 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық 40-42 градус сақталады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Жоғары қарай