Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 9 шілде 2020 16:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

10 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді.

Сол күні күндіз Көкшетауда найзағай күтіледі.

10 шілдеде күндіз Нұр-Сұлтанда таңертең және найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпiнi найзағай кезінде 15 м/с жетеді.

10 шілдеде күндіз Қостанай облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Қостанай қаласында 10 шілдеде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

10 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 42 градус қатты ыстық күтіледі.

10 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 18 м/с жетеді. Кей жерлерде 38-41 градус қатты ыстық сақталады.

10 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Өскеменде 10 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан cоғатын желдің екпіні нөсер кезінде 15-18 м/с жетеді.

Семейде 10 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан cоғатын желдің екпіні нөсер кезінде 15-18 м/с жетеді.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай