Бес қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 24 қаңтар күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай Қарағанды, Көкшетау, түнде Қостанай, Қызылорда, Петропавл қалаларында болады. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.