Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Берлинде карантинге қарсы болған тұрғындар алаңға шықты

2020 жылдың 19 қараша 2020 00:42

БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Шектеу шараларына қарсы болған 10 мыңға жуық адам Берлиннің орталығына жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

18 қараша Берлинде коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеулерге, сондай-ақ вакцинациялауға қарсы 10 мыңға жуық адам алаңға шықты. Алаңға шығушыларлың тәртібін бақылауға 2 мыңға жуық полиция тартылды.

Алаңға шыққандардың көпшілігі маска кимей, әлеуметтік ара қашықтықты сақтамаған. Полиция оларға ескерту жасады.

Алайда қатысушылар нұсқауларды орындамаған. Полиция алаңға шыққандарды су шашып және көзден жас ағызатын газды қолданып таратпақ болды.


Жоғары қарай