Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Берік Уәли Мемлекет басшысының жазбалары неге кеш жарияланатынын түсіндірді

2020 жылдың 22 шілде 2020 18:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының әлеуметтік желідегі кей жазбалары неліктен кеш жарияланатынын түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат zakon.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Берік Уәлидің сөзіне қарағанда, Қасым-Жомарт Кемелұлы демалыссыз еңбек етіп, туындаған қатерлерге дер кезінде жедел назар аударады. Дағдарысқа қарсы күн тәртібімен қатар, Президент мемлекетті дамытудың ұзақ мерзімді міндеттеріне де, атап айтқанда экономиканы қолдауға, әлеуметтік салаларға да жіті көңіл бөліп отырады.

«Мемлекет басшысы елдегі жалпы жағдайды жіті бақылап, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жариялымдармен танысуға үнемі уақыт табады. Қасым-Жомарт Кемелұлы қажет деп тапқан жағдайда, жазба жариялап, қоғам назарына іліккен оқиғаларға қатысты өз көзқарасын білдіріп, тиісті тапсырма береді. Жұмыс кестесі тығыз болғандықтан, мұндай жазбалардың кеш жариялануы түсінікті деп ойлаймын, - деп түсіндірді Берік Уәли.

Сонымен қатар, баспасөз хатшысы Президенттің демалыссыз еңбек етіп жатқанын атап өтті.


Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай