Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Белгісіз біреулер Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, жалған ақпарат таратуда

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 09:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгісіз бір адамдар әнші Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, фейк аккаунтпен жалған ақпарат таратуда.

Олар әншінің Instagram желісіндегі фотосуретті пайдаланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы әншінің әкесі Facebook парақшасында жазды. Қанат Айтбаев алаяқтардан сақтануға шақырады.

«Назар аударыңыздар! Бұл жалған парақша. Алаяқтардан сақ болыңыз», - деп жазды Қанат Айтбаев.

Әншінің әкесі бөліскен суретте белгісіз біреулердің ақшаға қатысты жазба қалдырғаны баяндалған.

«Мен Димаш Құдайбергенмін. Мен 500 мың АҚШ долларын таратамын. «Махаббат» деп жазған алғашқы 100 адамға 5000 доллардан жолдаймын», - деп жазба қалдырған белгісіз адамдар.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Димаш Құдайберген, Қоғам,
Жоғары қарай