Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Беларусь Президентінің сайлауына Қазақстаннан баратын байқаушылар саны анықталды

2020 жылдың 7 тамыз 2020 13:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында 2020 жылғы 9 тамыздағы Беларусь Республикасы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту тақырыбы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, тізім бойынша бес байқаушының кандидатурасы ұсынылған. Олар сайлауды байқауда ТМД миссиясы құрамында қатысады. Оның ішінде ҚР Президенті Әкімшілігінен бір адам, ҚР ОСК-дан бір адам, Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшілігінен үш байқаушы болады», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Анастасия Щегорцова.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Қазақстан Республикасынан 5 байқаушының кандидатурасы бекітілді, олар биылғы 9 тамызда Белоруссиядағы сайлауды байқауға қатысады.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Беларусь, Сайлау,
Жоғары қарай